«ҚАЗМҰНАЙГАЗ - ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» АҚ slogan
8 (800) 080-22-22
Call-орталығы

Мұнай өнімдерін экспорттау

ҚМГ–ӨМ 2013 жылғы қарашадан бастап АМӨЗ-мен қара мұнай өнімдерін экспортқа шығарады.

2014 жылғы қаңтардан желтоқсан мерзімі аралығында Компания барлық көлемі 974,48 мың тонна болатын қара мұнай өнімдерін экспортқа шығарды, соның ішінде:

Атауы

Өлшеу бірлігі

ҚМГ-ӨМ

тонна

2013 жыл

2014 жыл

Мазут

 

25 820

536 471

ВГО

 

50 509

314 340

Пеш отыны

 

-

67 020

Күкірт

 

-

1 100

Кокс

 

11 727

55 546

Мұнай экспорты

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Респбликасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Үкіметімен жасалған келісім (бұдан әрі – Келісім) және Келісімнің айырылмас бөлігі болып табылатын Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына кірген мұнай өнімдерін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесі шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 04 наурыздағы «Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» № 176 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес Компания Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу бойынша оператор болып тағайындалды. Қаулыны орындау мақсатында 2014 жылы Компания Қазақстандың мұнай өндіруші ұйымдарының шикі мұнайының 755 920 тоннасын Ресейлік компанияларға сатылды.

2014 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Компания жалпы көлемі 974,48 мың. тонна қара мұнай өнімдерін экспорттады.

Тасымалдау және логистика

Өздерінің автожанармай станцияларын, отандық ауыл-шаруашылық өндірушілерді егіс және жинау науқаны кезеңінде, әлеуметтік маңызды объектілерді от жағатын маусымында мұнай өнімдерімен мерзімді және тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін ҚМГ–ӨМ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру шарты бойынша тасымалдау-экспедиторлық компанияның қызметін атқара отырып ҚР МӨЗ-мен ҚР барлық территориясында темір жол көлігі арқылы мұнай өнімдерін тасымалдауды жеткізуді жүргізеді.

Бұл негізгі мұнай өндіретін зауыттардан «ҚазТемірТранс» АҚ-ң паркін қолдану арқылы дизель отынын,  автожанармайды артуда ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша толық көлемде орындауға мүмкіндік берді.

Сонымен қоса ҚМГ–ӨМ ҚР негізгі МӨЗ мұнай өнімдерін артуды бақылап мониторинг жүргізеді., соның ішінде:

  • Ресурс иеленушілері бойынша мұнай процессингінің көрсеткіштерін, мұнай өнімдерінің шығысын, қалдықтар теңгерімін, теміржолмен тасымалдау жоспарын, бағыттар және мұнай өнімдерінің түрлері бойынша нақты арту жүргізеді;

  • Теміржол тарифтерінің есебін, сондай-ақ мұнайды/мұнай өнімдерін теміржол көлігімен жеткізу мәселелері бойынша шешім қабылдауға қажетті басқа да тасымалдау шығындарының есебін жүргізеді;

  • Жеткізудің рационалды жолдарын анықтап жылжымалы составты тиімді пайдалануды ескергендегі тасымалдау бағдарын тиімді етеді.