«ҚАЗМҰНАЙГАЗ - ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» АҚ slogan
8 (800) 080-22-22
Call-орталығы

Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ)– АҚШ-тан «ленд-лиз» бойынша жеткізілген жабдықтар жиынтығының негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарында екі жыл мерзім ішінде салынған, пайдалануға 1945 жылдың қыркүйегінде берілген Қазақстан Республикасының мұнайды өңдеу саласының тұңғышы. ҚМГ – ӨМ-ға АМӨЗ ЖШС-дағы 99,53% қатысу үлесі тиесілі болып келеді.

КМГ-_ӨМ-ның осы зауытты басқару бойынша негізгі мақсаты алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға төмендегідей жолдар арқылы қол жеткізу болып табылады:

  • өңдеу тереңдігін арттыру;
  • өндірістік шығындарды азайту;
  • шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;
  • өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік деңгейін одан әрі жетілдіру;
  • басқарудың тиімді корпоративтік әдістерін енгізу.

Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы 4 906 млн тоннаны құрайды.

2014 жж. негізгі мұнай өнімдерінің өндірісі  

Атауы

АМӨЗ

Өлш.бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Мұнай өңдеу

тонна

4 422 773

4 429 517

4 920 005

Автобензиндер

тонна

506 006

505 197

613 855

Дизель отыны

тонна

1 217 795

1 221 659

1 344 089

ТС-1 Авиакеросин

тонна

56 351

38 230

22 526

Пеш отыны

тонна

143 348

124 395

165 967

Мазут

тонна

1 542 892

1 512 016

1 510 269

Вакуумды газойль

тонна

606 492

652 492

778 604

Кокс

тонна

74 992

95 119

137 356

Сұйылтылған газ

тонна

14 255

19 638

28 415

Күкірт

тонна

1 361

1 345

2 449

2014 жылы Өндірістік бағдарламамен белгіленген өңдеу жоспары 4 920 мың тонна болса, іс-жүзінде 4 920 мың тоннадан артық шикізат өңделді.

Мұнайды қайта өңдеу жоспары 100%-ға орындалды.

603,2 мың тонна жоспарланса, іс-жүзінде 613,2 мың тонна өндірілді, жоспар 101%-ға орындалды.

Дизельді жанармай өндіру бойынша түзетілген жоспарда 1285,5 мың тонна болса, іс-жүзінде 1 344,1 мың тонна өндірілді. Жоспардан асу көрсеткіші 1,18%-ды құрайды.

Мұнайды қайта өңдеу және мазуттан басқа барлық әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерін өндіру жоспарын орындау.

2014 жылы қайта өңдеу тереңдігі 62,77% құрады. Өңдеу тереңдігі жоспардан 2.33%-ға артық орындалды.